Тақырып
4. Қоғамдық өндірістің
нышандары.
1.«Қоғамдық
шаруашылық» ұғымының
сипаттамасы. Қоғамдық
шаруашылықтың
негізгі
нышандары:
натуралды және
тауарлы.
2.Натуралды
шаруашылық және
оның
эволюциясы.
3.
Тауарлы
шаруашылық: мәні,
пайда болуы,
жағдайлары
мен
себептері.
Өндірісті ұйымдастырудың
тарихи алғашқы
экономикалық
түрі –
натуралды
шаруашылықтан
бастау алады.
Адамдарды өнімдерді
сатуға , нарыққа
арнамай,
оларды
тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін өндіруін
натуралды
шаруашылық
деп атайды. Ол
негізінен әмбебап
қол еңбегіне
негізделді, қоғамдық
еңбек бөлнісін
білмейтін және
өз өнімдерін
бір-біріне
айыр
бастамайтын
алғашқы қауым
халықтарында
таза өмір сүрді.
өндіргіш күштері
мен оларды ұйымдастыру
дәрежесі қарапайым
төмет болды, өнімдер
ғасырдан ғасырға
бастапқы түрлерін
өзгертпей, көлемдері
ұлғаймай өндірілді.
Тауар
өндірісі деп - өнімдер
сатуға
арналып өндірілетін,
ал өндірушілер
мен тұтынушылар
арасында
байланыстар
рынок арқылы
жүзеге
асырылатын
шаруашылықты
айтады.
Тауар өндірісінің
пайда
болуының тағы
бір
себептеріне
меншік қатынастары
арқылы өндірушілердің
бір-бірінен
экономикалық
жағынан өзара
оқшаулануы
болып
табылады.
Ол алғашқы қауымдық
қоғам ыдырау
кезінде, яғни
жеке меншік
орнағаннан
соң пайда
болды.
Тауар өдірісінің
даму кезеңдері
айырбастың,
рыноктың
дамуымен тығыз
байланысты.
Нарықтың төмендегідей
типтері бар:
дамымаған,
еркін,
реттелетін, бұзылған.
Осы аталған
нарық
типтеріне сәйкес,
тауар өндірісінің
ерекше
моделдері қалыптасады:
1.
Дамымаған
рынокқа
негізделген
тауар өндірісі;
2.
Еркін
рынокқа
негізделген
тауар өндірісі;
3.
Реттелетін
рынокқа
негізделетін тауар өндірісі;
4.
Бұзылған
рынокқа
негізделген
тауар өндірісі.
1.Дамымаған
нарыққа
негізделген
тауар өндірісі
(жай тауар өндірісі)
– қоғамдық еңбек
бөлнісіне , өндірісі
– құрал-жабдықтарына
жеке
меншікке,
тауар өндірушілердің
өз еңбектеріне
негізделген.
Жай тауар өндірісі
кезінде өндірілген
өнімнің бір бөлігі
ғана рынокқа
шығарылады.
Сондықтан да
ол бүкіл
экономиканы қамтымайды,
яғни оның
жалпыламы
сипаты
болмайды.
2.Еркін нарыққа
негізделген
тауар өндірісінің
(нарық
экономикасы )
- өзіне тән
ерекше
белгілері
бар. Оған
жататындар:
1)
адамның
жұмыс күші
тауарға
айналады және
өндірушінің өз
еңбегін
жалдамалы еңбек
алмастырады;
2)
қоғамда
өндірілген өнімнің
басым бөлігі
жекелей тұтыну
үшін емес,
рынокқа және
сатуға
арналады.
Бұл кездегі
тауар өндірісі
еркін бәсекеге
негізделеді,
сондықтанда
оны еркін бәсеке
дәуіріндегі
капитализім
немесе «еркін
экономика»
деп атайды.
Мемлекет
шаруашылық өміріне
араласпайды,
сол себептен
оны «таза
капитализм» деп
атайды.
Шаруашылық қызметтерін
үйлестіруде
рыноктармен
баға жүйесін
кеңінен
пайдаланатын,
тауар өндірісінің
мұндай типін
рыноктық
(капиталистік)
экономика
деп атайды.
Машиналы өндірістің
дүниеге
келуімен
рынок
экономикасында
қалыптасты.
3. Реттелетін
нарыққа
негізделген
тауар өндірісі
–
экономикада
екі сектордың
болуымен , яғни:
елдегі
материалдық
игіліктермен
бүкіл
ресурстарды өндіруде,
бөлуде,
айырбастау
мен тұтынуда
және жеке
секторларының
үлестерінің
жоғары
болуымен
ерекшеленеді.
Мемлекет
нарықты
экномикаға
беделді
араласады,
бірақ
рыноктың
реттеушілік
ролін , оның
«көрінбейтін
қолы»
принципін сақтайды.
Реттелетін
нарық
экономиканы
монополияландыру
барысында қалыптасады,
бұл кезде үкіметтің
алдында бір ғана
мәселе –
монополияны
тежеу
міндеті тұрады.
Мемлекеттік
ретеудің
негізгі түрлері
– заңдар шығару,
салық салу, қаржы
арқылы жүзеге
асырылады.
Реттелетін
нарыққа
негізделген
тауар өндірісінің
бірнеше
модельдері
бар :
1)
әлеуметтік
нарық
шаруашылығы;
2)
аралас
экономика;
3)
коорпаративтік
экономика.
Олар мемлекеттік
бағдарламаларының
нысаналы мақсаттары
бойынша
бір-бірінен
ерекшелігі бар.
Әлеуметтік
нарықтық
шаруашылықтың
басты мақсаты
–
азаматтардың
мүделерін қорғау;
аралас
экономиканың
мақчсаты – кәсіпкерліктің
дамуына жағдайлар
туғызу; ал
коорпоративтік
экономиканың
мақсаты – ірі
бизнестің мүделерін
қорғау болып
табылады.
Бірінші үлгі
– Германияға,
екіншісі – АҚШ-қа,
үшіншісі –
Жапония мен
Швецияға тән.
4.Бұзылған
нарыққа
негізделген
тауар өндірісіне
- әміршіл -әкімшіл
экономикалық
жүйеге тән
белгілер
жатады:
жетілген қоғамдық
еңбек бөлнісінің
жүйесі, ірі
машиналы өндіріс,
ұлттық
экономиканы ұдайы
және үздіксіз
реттеу, еркін
нарықты қатынастарға
тосқауылдар қою. әкімшіл-әміршіл
экономика –
жоспарлы
дерективалық
және
нормативтік
болып екі үлгіге
бөлінеді.
Тауар өндірісінің өзекті
категориясы - тауар
болып табылады.
Оның мәнін әр
түрлі түсіндіреді.
Солардың
ішіндегі
басты
екеуіне тоқтайық:
1. Маркстік
теорияда,
тауар – зат ,
біріншіден адам қажетін
өтеу үшін,
екіншіден –
сату үшін өндірген,
бұл анықтамадан
туындайтын
салдарлар:
а) тауар деп
адамның
белгілі бір қажеттіктерін
қанағаттандыратын
заттарды
айтады;
ә) тауар деп еңбек жұмсалған
заттарды
айтады;
б) тауар деп
сатуға арналған
заттарды
айтады.
2. Австрияның
экономикалық
мектебінде
тауар айырбасқа
арналған
игіліктердің
ерекше түрі
деп анықтама
береді.
Тауардың
екі қасиеті
бар. 1. тұтыну
құны.
Тауардың тұтыну
құны
дегеніміз
тауардың адам қажетін
қатағаттандыра
алатын мүмкіншілігі.
2. айырбас
құны – бір
тауардың
екінші бір
тауарға
айырбасталу
мүмкіншілігі.
Тауардың
пайдалығы,
адамның
белгілі бір
нақтылы қажетін
қанағаттандыру
қасиеті. Құн -
тауарға сіңген,
зат
формасына
айналған қоғамдық
еңбек мөлшері.
Ол адамдардың
ден қауызымен
бүркелеменген
өндірістік қатынасын
білдіреді. Қорыта
айтқанда, кез
келген
тауардың екі қасиеті:
тұтыну құны және
құны болады.
Осы жағдайда ғана
өнім тауарға
айналады.
Тауардың
екі қасиетінің
болуы ол
тауарға
сінген еңбектің
екі жақты
сипатына
байланысты. Өйткені
тауар өндіруге
екі жақты еңбек
– нақты және
абстракты еңбек
жұмсалады. Нақты
еңбек – жеке
адамдардың
тауар өндіргенде
тұтыну құнын
жасауға шығындаған
еңбегі.
Адамдардың
дене күші мен
ақыл ой
энергиясын жұмсауы,
осының көмегімен
тауарларды
айырбастау
процесінде
адам еңбегінің
қоғамдық
сипаттқа ие
болуы
- абстракты
еңбек деп
аталады.
Тауарға сіңген
еңбектің екі
жақтылығын тұңғыш
ашқан К.
Маркс. Осы еңбектердің
көлеңкесінде
жеке және қоғамдық
еңбектің
арасындағы қайшылық
бүркемеленеді.
Абстракты еңбек
тауар өндірушілердің
өндірістік қатынастарын
бейнелейді.
Тауар өндіруге шығындалған
еңбекті жай және
күрделі еңбек
деп бөледі.
Жай еңбек
дегеніміз
арнайы оқып үйренуді,
қандай да бір
дайындықты қажет
етпейтін еңбек.
Күрделі еңбек
арнайы
даярлықты оқып
үйренуді, кәсіби
білімді қажет
етеді.
Барлық нарық өнімдерінде
бірдей және
ортақ
болатын не?
-Ол құн.
Құн- бұл
тауардың
табиғи қасиеті
емес, ол қоғамдық
қасиет. Құн
адамдар
арсында
бірлесіп еңбек
етудің
салдарынан және
нарықта еңбек
өнімдерінің
айырбасталуы
кезінде
пайда
болатын қоғамдық
қатынастардың
көрінісі. Құнның
келесідей
тарихи даму
формалары
бар: жай немесе
кездейсоқ,,
толық,
жалпылық және
ақшалай.
Құнның
мөлшері ақшалай
көрініс
табады. Ақша
ежелгі
заманда
пайда болған.
Ол тауарлы өндірістің
дамуының
бірден-бір
шарты болып
табылады. Ақша
- өндіру мен бөлу
процестерінде
адамдар
арасында
белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды
көрсететін
экономикалық
категория және
де абсолютті
икемді
айырбас құралы
болып
табылады. Ақша
бұл барлық
тауардың құнын
көрсететін
жалпы-тауарлы
эквивалент. Ақшаның
үш түрі бар:
монеталар, қағаз
ақшалар және
электронды
немесе несие
ақшалар.
Монета деп өзіне
тән формасы
бар және айрықша
қоспадан
жасалған құйма
металды
айтады. Алғашқы
монеталар
б.д.д. 3 ғасырда
Римде
Юнона-Монета
храмында
басылып шыққан.
Қағаз ақшалар
алғашқы рет Қытайда
12 ғасырда
жасалып шығарылады,
ал Ресейде 769
жылы
Екатерина ІІ
кезінде
жасалды. Қазіргі
таңда несие ақшалары
қолданылады, өйткені
олар өте
тиімді әрі
икемді.
Ақша
бес қызмет атқарады
: құн өлшемі,
айналыс құралы,
төлем құралы,
қазына жинау,
дүниежүзілік
ақшалар. Ақшаның
құн мөлшері қызметі
деп оның өзінен
басқа
тауарлардың құнын
анықтау қабілетін
айтады.Ақшаның
айналыс құралы
қызметі-
тауар
айырбасының
формуласы
Т-А-Т бойынша
оның
делдалдық
ролін атқаруына
байланысты,
тауар
айырбасы екі
актіден, яғни
сатудан Т-А және
сатып алудан
А-Т құралады. Қазына
жинау қызметі-
ақша
айырбасы өркендеген
кезде қазына
айналыс құралына
айналады. Ақшаның
төлем құралы қызметін
атқару
барысында,
оның жаңа түрі
несиелік ақшалар
пайда болды.
Оған
жататындар:
вексельдер,
банкноттар,
чектер,
Вексель
деп борышқордың
ақша
сомасының мөлшері
мен оны қайтару
мерзімі
жазбаша көрсетілген
қарыз
міндеттемесін
айтады.
Банкноттар
деп банктың
векселін
айтады.
Банкнотардың
қағаз ақшалардан
айырмашылықтары:
А) банкноттың
екі тармағы
болады –
несиелік және
металдық;
Ә) қағаз ақшаларды
мемлекет
жасап шығарады,
ал
банкноттарды
орталық
эмисиялық
банктер шығарады;
Б) қағаз ақшала
айналыс қызметін
атқарады, ал
банкноттар –
төлем құарл қызметін
атқарады.
Чек дербес
тұлғаның ағымдағы
есеп шотынан
банктің
белгілі ақша
соммасын төлеуі
немесе оны
басқа есеп
шотқа
аударуы жөніндегі
жазбаша үкімін
айтады. Чектің
үш түрі бар:
1.
еншілік
(басқаға
беруге
жатпайтын)
2.
ордерлік
(индосамент
бойынша басқа
адамға
беруге
болатын)
3.
сенімділік
(индосаментті
талап етпей
берілетін).
Бір елмен
екінші ел
арасындағы
айналыстардағы
ақша - өзінің
барлық қызметтерін
атқаруы арқылы-дүние
жүзілік ақшаға
айналады. Дүниежүзілік
ақша : халықаралық
төлем және
сатып алу,
сату, сондай
–ақ әр елдің
байлығын
бейнелейтін құрал
қызметін атқарады.
Ақша және
тауар мөлшері
тепе-теңдікте
болуы шарт.
Егер
біріншісінің
шамасы көбейіп
кетсе құнсызданады,
инфляцияға қызмет
етеді.
Белгелі бір
елдің
айналыстағы қағаз
ақшасының
шамадан тыс көбейіп
кету
салдарынан
оның құнсыздануын -
инфляция дейміз.
Ол
тауарлардың
бағасын
шамадан тыс көтеріп
жібереді.
Осындай
келеңсіз жағдайларды
болдырмау
немесе дұрыс қалыпқа
келтіру
шаралары бар.
Олар: девальвация
және
ревальвация.
Қағаз ақшаның
ресми құнын өзінің
тұрақты қалпына
келтіруді – девальвация
дейміз. Ашық
және бүркемелі
жолдары бар.
Девальвация
шараларының
негізгілері: ұлттық
ақша өлшемінің
алтындық мазұнын
кеміту; шетел
вальюталары
мен қатынау
курсын төмендету;
толық құнды
несие
билеттерін
шығару, бағасы
төмендеген ақшаларды
айналымнан
алып тастау;
айналымдағы қағаз
ақшаны ресми
төмендету мақсатымен
ақша
реформасын жүргізу.
Ревальвация
– ақшаның
ресми құнын тұрақтандыру
және бағаның
инфляция
зардабынан өсуіне
қарсы ықпал
жасаудың әдісі.
Ақша курсын өсіру
деген сөз .
Қүн заңы- бұл
тауар өндірісінің
дамуын басқаратын
баға заңы. Баға
дегеніміз
тауар құнының
ақшалай көрінісі.
Сонымен құн
заңы
дегеніміз баға
заңы.
Сұрақтар:
1.Тауарлы
өндірістің
пайда болу
шарттары.
2.Тауар және
оның қасиеттері.
3.Еңбек құн
теориясы.
4.шекті
пайдалылық
теориясы.
5.Ақшаның
пайда болуы
мен мәні
Әдебиеттер:
1.
Осипов
М.
Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002
2.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.
3.
Нарықтық
экономиканың
негіздері: Оқу
құралы / Б.Жүнісов,
Ұ.Мамбетов,
У.Байжомартов.
– Алматы:
Респ. баспа
каб., 1994.
1.
Экономикалық
теория негіздері:
Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров
және т.б. Алматы
«Санат» 1998 ж.